Атырау, 24 қараша 10:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Иракта коменданттық сағат енгізілді

838 просмотра

Бұл туралы жергілікті Скай Ньюс Арабиа телеарнасы хабарлады. Коменданттық сағаттың талабына сай азаматтардың жүріп-тұруына қатаң тыйым салынады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мұндай шешім ел ішіндегі толқуларға байланысты қабылданып отыр. Шииттердің ықпалды саясаткері Муктада ас-Садрдың отставкаға кету туралы жазбасынан кейін Бағдадта жүздеген адам шеруге шыққан еді. 

Жұрт «жасыл аймаққа» беттеп, республика сарайын басып алған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары ашуға булыққан топты таратуға тырысып, көз жасаурататын газ қолданды. Соның салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Екі кісі көз жұмды.

Соңғы уақытта Иракта саяси дағдарыс ушығып тұр. Былтыр қазан айында сайланған Парламент әлі күнге дейін жаңа президент пен үкіметті жасақтай алмай келеді.

30 тамыз 2022, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.