Испанияда жергілікті әуе компания қызметкерлері 10 күндік ереуілге шықты, деп хабарлайды 24.kz.
Наразылық акция салдарынан 100 шақты рейс кейінге шегеріліп, 17 мыңнан астам адам жолдан қалуы мүмкін. IAG Ibera Express компаниясының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етті. Экипаж мүшелерінің сөзінше, олардың еңбекақысы 2015 жылдан бері көтерілмеген.
Елдегі инфляция онсызда айлығы шайлығына жетпей жүрген жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын күрт төмендетіп жіберген. Компания басшылары рейстерді қайта қалыпқа келтіріп, қызметкерлерімен келіссөздер жүгізуді ұсынды. Дегенмен, жұмысшылар бұл мәселені талқылау 8 айға жалғасып, әлі еш нәтиже бермегенін айтты.
Ереуіл қыркүйектің 6-сына дейін жалғасуы мүмкін.