Атырау, 24 қараша 11:06
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Dell компаниясы Ресейдегі қызметін толық тоқтатты

746 просмотра

Американың Dell Technologies компаниясы Ресей нарығында жұмысын толық тоқтатқанын хабарлады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

"Тамыз ортасында барлық кеңсемізді жауып, Ресейдегі барлық операцияларды доғардық. Ақпанда-ақ Ресей, Беларусь, сонымен бірге Украинаның Донецк және Луганск облыстарында өнімдерімізді сатпауды, қызмет көрсетпеуді ұйғарғанбыз" деді компания өкілі Майк Сиеменас Reuters агенттігіне.

CNews жазуынша, Dell компаниясы Ресейдегі кеңсе қызметкерлеріне сегіз жалақы мөлшерінде өтемақы төлеп, барлығын қысқартқан. Корпорацияның Мәскеудегі кеңсесінде шамамен 50 адам, жобалармен айналысатын Санкт-Петербургтегі кеңсесінде 400 маман жұмыс істеген.

Әлемдегі ең ірі компьютер өндірушілерінің бірі Dell компаниясы Ресейде ең ірі сервер тасымалдаушы ретінде танылған. Йель университетінің мәліметінше, Украинада соғыс басталғаннан кейін мыңнан астам шетел компаниясы Ресей нарығынан кеткен немесе қызметін шектеген.

29 тамыз 2022, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.