Атырау, 17 мамыр 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Тұрғындар бұрынғы бағыттарды қайтаруды талап етуде

Сурет Бейнежазба
1 721 просмотра

«Химик» және «Курилкино» бау-бақша шаруашылықтарының тұрғындары автобус бағытының өзгергеніне наразылықтарын білдіруге жиналды.

23 тамызда 30 және 12 автобус бағыттары өзгерді. Бұған дейін «АЖ»-да жариялаған өзгерістер тізімі атыраулықтар арасында біраз сұрақ туғызды. Әсіресе, ауылдық округтер мен қала арасында қатынайтын автобустардың енді қалаға кірмеуі халықтың наразылығын тудырды. Олар бұрын жұмысына екі автобуспен қатынаса, енді үш автобусқа отыруға мәжбүр.

Жиналғандардың айтуынша, олар автобустардың бағытын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау болатынын да естімеген.

– Неге мұндай маңызды хабарды бір апта бойы телеарналардан алдын ала көрсетпейді? Мысалы, №51 маршрут кеңестік кезеңнен бері, 30 жыл бойы жүріп келеді. Әлеуметтік желідегі біздің пікірімізбен санаспады, - дейді тұрғындар наразы болып.

- Менің жұмысым Нұрсая ықшам ауданында. Осы кезге дейін №50 маршрутқа отырып, Авангардтан түсетін едім. Сол жерден 30А маршрутымен Нұрсаяға жететін болдым. Қазір бұл маршрутты алып тастаған, мен екі автобусқа мініп, ақшам мен уақытымды жоғалтамын. Қоғамдық көлік халыққа қолайлы болу керек. Әлде біздің шаруамыз ереуілмен біту керек пе? - дейді Эльмира БАЙКЕНОВА наразы болып.

"Химик" тұрғындары №50 маршруттың Авангардқа, №57 маршруттың Дина базарына жетпей, жарты жолдан тоқтауына түбегейлі қарсы. Осыған дейін тұрғындар емханаға, балабақшаға, мектепке, базарға барып жүрген автобусты Балықшы ықшамауданына әкеліп тіреп қойды. Автобустардың жүру жолы қысқарғанымен, интервалы да өзгермеген. 

Бұл өңірде балалары орталықтағы мектептерде білім алатын отбасы көп. Оқу жылы басталғанда олар да мектепке бірнеше автобуспен барады. Ата-аналар балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдайды. 

- Алда оқу жылы басталады. Оқушы балалар бар, студенттер бар. Олар сабаққа қалай қатынайды?  Билік ең алдымен халық жағдайын ойламай ма? Автобусымызыдың бұрынғы қалыпты жолмен жүруін талап етеміз, - дейді тұрғын Любовь РОДИОНОВА.

Қала әкімдігінің мәліметінше, автобустардың бағытын өзгертудің негізгі себебі - қала сыртындағы елді мекендерден қатынайтын автобустардың жолы тым ұзақ. Мысалы, №57 автобус Курилкино елді мекенінен шығып барлық қаланы аралап, «Дина» базарына дейін барады. Бір бағыттың өзі 30 км құрайды. Нәтижесінде автобустар бұзылып, сынып қалады. Ол тасымалдаушы компанияға да тиімсіз. Сондықтан маршрутты Балықшының соңғы аялдамасына дейін қысқартқан. Ал тұрғындарға ескі маршруттар қолайлы және оларды қайтаруды талап етіп отыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

28 тамыз 2022, 02:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.