Атырау, 5 наурыз 09:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42

Қала сыртындағы өрт: құрғақ шөп жанған

Сурет Бейнежазба
1 413 рет қаралды

26 тамызда кешке жақын атыраулықтар әлеуметтік желіде Элеваторный ауданында будақтап жатқан түтін суреттерін жариялай бастады.

Атырау облыстық ТЖД хабарлағандай, бұл жанған құрғақ шөп екен.

- Өртті сөндіруге ТЖД-нің 8 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Анағұрлым толық ақпарат қосымша хабарланады, - деп хабарлайды ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Кейінірек ТЖД өрт себебін атады. 

«26 тамызда сағат 16.54-те Атырау қаласы, Элеваторный, Тухлая балка аумағында ЖК «Жанбырбаев» қызметкерлері МТЗ-80 тракторын қыздыру кезінде от шығып, ауданы шамамен 200х400 м болатын құрғақ шөп жанған. Өрт сағат 20.45-те оқшауланып, сағат 22.32-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады департаменттегілер.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Автор түсірген және ТЖД жолдаған суреттер

27 тамыз 2022, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.