Атырау, 24 қараша 11:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мирзиёев Қарақалпақстандағы жағдайға кім кінәлі екенін айтты

1 486 просмотра

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс 34-сессиясына қатысып жатыр. Ол кіріспе сөзінде «Адамның қадір-қасиеті үшін» деген асыл қағидаға негізделген түбегейлі реформалардың Қарақалпақстанның әрбір қаласы мен ауданына, ауылы, әрбір шаңырағына енуін қамтамасыз ету басты мақсаттардың бірі екенін атап өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

«Президент болған 6 жыл ішінде мен осы жомарт өлкеге басқа өңірлермен салыстырғанда ең көп, яғни 9 рет келіп, мұндағы ақсақалдармен, кәсіпкерлермен, жастар өкілдерімен көп әңгімелестім. Осы кезеңде Қарақалпақстанды жан-жақты дамытуға бағытталған 31 қаулы, қаулылар қабылдадық. Облыста кәсіпкерлік субъектілерінің саны екі есеге артып, 4500-ге жуық инвестициялық жоба іске қосылды. Тек осы жылдың ақпан айындағы сапар аясында облысты барлық бағытта дамытуға 1,5 триллион сум бөлдік», - деді Мемлекет басшысы.

Қарақалпақстанда ауыз сумен қамтамасыз ету 40 пайыздан 68 пайызға, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 32 пайыздан 76 пайызға, жан басына шаққандағы табыс екі есеге өскені атап өтілді.

Мемлекет басшысы Қарақалпақстанға қаншама күш-қуат пен қыруар қаржы бөлінсе де, халықтың көңіл-күйіне кері әсерін тигізетін мәселелер әлі де сақталып отырғанын атап өтті.

«Өйткені мұндағы кейбір әділетсіз, арам басшылар «халықтың көңілінен шығу» деген асыл ұғымды әлі түсіне қойған жоқ», – деді Мирзиёев.

26 тамыз 2022, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.