Атырау, 24 қараша 10:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Беларусь Бакиевті Қырғызстанға экстрадициялаудан бас тартты

944 просмотра

Беларусь тарапының пікірінше, бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің сотталуы саяси себептермен қудалауға байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Беларусь Жоғарғы соты бұрынғы президент Құрманбек Бакиевті Қырғызстанға экстрадициялаудан бас тартты, деп хабарлайды Kabar.kg.

Қырғызстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, бұрынғы президент 2016 жылғы 29 шілдедегі сот шешімімен 2010 жылғы 7 сәуірдегі оқиға және басқа да қылмыс эпизодтары үшін 30 жылға бас бостандығынан айырылған.

Қадағалау органы Беларусь Бас прокуратурасына үкімдерді тану және орындау туралы өтініш жіберді. Бакиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны экстрадициялау туралы да төрт өтініш жіберілді.

Беларусь Жоғарғы соты бұл өтініштерді қабылдамады.

26 тамыз 2022, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.