Атырау, 10 мамыр 03:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Теңіз кенішінде жұмысшы көз жұмды

1 361 просмотра

24 тамыз күні сағат 16.00 шамасында Теңіз кенішіндегі Өркен вахталық қалашығының құрылыс алаңында тіршілік нышаны жоқ жұмысшы табылды. Оның өліміне өндірістік жарақат себеп болды ма, жоқ па, құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс алаңындағы барлық жұмыс тоқтатылды.

«АЖ» сауалына ТШО былай жауап берді: «Теңізшевройлға 2022 жылдың 24 тамызында «Қазтурборемонт» (Intradel Projects)  қосалқы мердігерлік компания қызметкері Өркен вахталық қалашығының құрылыс алаңының маңынан тіршілік нышаны жоқ күйде табылғаны туралы хабарланды. ТШО басшылығы мен қызметкерлеріміздің атынан марқұмның отбасына шын жүректен, қайғырып көңіл айтамыз. Сондай-ақ ТШО қосалқы мердігерлік компания басшылығының тиісті мемлекеттік органдарға лайықты түрде хабардар еткенін біледі. Кез келген қосымша сұрақты қосалқы мердігерлік компания басшылығына немесе тиісті мемлекеттік реттеуші органдарға жолдаған жөн».

Фархат АБИЛОВ

25 тамыз 2022, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.