Атырау, 24 қараша 10:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина премьер-министрі АҚШ-тан 3 миллиард доллар алғанын мәлімдеді

799 просмотра

24 тамызда АҚШ көшбасшысы Джо Байден Украинаға ірі әскери көмек пакеті бөлінетінін жариялады. Ақ үй әкімшілігінің болжамынша, бұл сома 2,9 миллиард доллардай болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Украинаның мемлекеттік бюджетіне АҚШ-тан 3 миллиард доллар гранттық көмек түсті. Мұны премьер-министр Денис Шмыгаль айтты, деп жазды «Известия».

Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банк тетігі арқылы мемлекеттік бюджетке АҚШ-тан тағы 3 миллиард доллар өтеусіз гранттық көмек түсті. Бұл тікелей бюджеттік қолдаудың қосымша 4,5 миллиард долларының бірінші траншы.

4,5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаржылық көмек берілетіні 8 тамызда жарияланды. Жаңа грант Дүниежүзілік банк арқылы Қаржы министрлігімен келісілгені және Киевке бірнеше траншпен берілетіні атап өтілді.

24 тамыз 2022, 20:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.