Атырау, 10 мамыр 18:34
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Имамның уағызына құрмет көрсетпегені үшін мешіттен қуылды

Бейнежазба
1 904 просмотра

Қала маңындағы Қызылбалық ауылының мешітіне келген жігітті жамағат есіктен сыртқа қарай сүйреп бара жатқан видео әлеуметтік желіде көпшіліктің талқысына түсті. 

Кейін оның имамның уағызын тыңдамай, телефонына қарап отырғаны, ескерту жасағанда дауыс көтеріп, шу шығарғаны белгілі болды.

- Осыдан кейін жамағат оны далаға шығаруға мәжбүр болды, - дейді Атырау селолық округі мешітінің бас имамы Санат БӨЛЕКБАЙҰЛЫ.

Сәл кейін жамағат оны наиб имамдар бөлмесіне алып келіп, сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарынан кейін ол жамағаттан кешірім сұраған.

Имамның айтуынша, бұдан бұрын да ол азаматқа уағыз кезінде лайықсыз әрекет жасағаны үшін бірнеше рет ескерту берілген. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

24 тамыз 2022, 20:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.