Атырау, 21 желтоқсан 12:24
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» футбол клубына Беларуссиядан жаңа бас бапкер келді

1 225 просмотра

Ол 38 жастағы Виталий ЖУКОВСКИЙ. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, 10 жыл бойы Минск облысындағы «Ислочь» футбол клубын басқарып, әуесқойлық футболдан Беларусьтің Жоғары лигасына дейін көтерді. 31 жасында ол Жоғарғы лига тарихындағы ең жас бас бапкер атанды.

2021 жылғы маусымда Жуковский «БАТЭ» командасына (Борисов қаласы) жетекшілік етіп, вице-чемпион және Кубок жеңімпазы болды.

Ол Константин ГОРОВЕНКОНЫҢ орнына келді. Бұрынғы бапкердің «Атыраудың» бұл қызметтен кетуіне команданың ел кубогының ширек финалына шыға алмауы да себеп болса керек.  Жақында топтық кезеңнің соңғы турындағы матчта «Атырау» сырт алаңда «Қайраттан» (бұл командаға ұпай қажет емес) 0:3 есебімен ұтылды. Ал біздің командамен 2-ші «өтпелі» орынға таласқан шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда «Ақсудан» (Павлодар облысы) басым түсті. Осылайша, «Атырау» кестеде үшінші болып, Кубоктың плей-офф кезеңіне өте алмады.

Ал, Кубоктың топтық кезеңіне байланысты ұзақ үзілістен кейін тұрақты чемпионат қайта жалғасты. 20 тамызда «Атырау» сырт алаңда қарағандылық «Шахтермен» 0:0 есебімен тең ойнады. Келесі кездесуді 26 тамыз күні сырт алаңда оралдық «Ақжайықпен» өткізеді.

Айнұр САПАРОВА

24 тамыз 2022, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.