Атырау, 25 желтоқсан 03:48
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Депутаттар Атырау облысы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізді

1 600 рет қаралды

Атырауда облыстық мәслихаттың кезектен тыс XVI сессиясы өтіп, онда депутаттар, атап айтқанда, облыс әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізді.

Мәслихаттың шешімімен Атырау облысы әкімдігінің дербес құрамына облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ пен Жасұлан БИСЕМБИЕВ және Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВ енгізіліп, жақында облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылған Қайрат БЕКЕНОВ, қазір соты өтіп жатқан Бақытгүл ХАМЕНОВА және жақында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінен Қызылқоға ауданының әкімі қызметіне кеткен Қанат ӘЗМҰҚАНОВ дербес құрамнан шығарылды.  

Сессия барысында жиналғандарға облыстық мәслихаттың жаңа депутаты - «Аманат» партиясының мүшесі Сырымбек СӘРСЕМБАЕВ (суретте) таныстырылды. Ол өмірден өткен депутат Ізтұрған БАЙМҰХАНОВТЫҢ орнына тағайындалып, бюджет, қаржы, экономика және өңірлік дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына енгізілді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

24 тамыз 2022, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.