Атырау, 24 қараша 11:12
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Пәкістанға абайсызда зымыран ұшырған Үндістанның үш офицері жұмыстан қуылды

690 просмотра

Үндістанның қорғаныс министрлігі абайсызда Пәкістанға BrahMos зымыранын ұшырып жібергені үшін үш офицерді жұмыстан қуды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу стандартты операциялық процедуралардан ауытқу кезінде мамандар кездейсоқ зымыранды ұшырып жібергенін анықтады.

Оқиға үшін бірінші кезекте үш офицер жауапқа тартылып, бүгін жұмыстан босатылды.

Еске салайық, BrahMos зымыраны 9 наурызда Үндістан әуебазаларының бірінен кездейсоқ ұшырылып, Пәкістанға қонды. Осыдан кейін Пәкістан үкіметі наразылық білдірген еді. Ал Үндістан тарапы тергеу жүргізетіндерін мәлімдеген.

24 тамыз 2022, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.