Атырау, 3 мамыр 02:40
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Мұғалімдер не үйренді

Сурет Бейнежазба
1 155 просмотра

Атырау облысының оқытушылары мектеп оқушыларын оқытуда біріктірілген пәнаралық тәсілді енгізуге көмектесетін біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

20 тамызда Абай орталығында STEAM оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарының ресми аяқталу салтанаты өтті.

Бағдарламаға 26 мектеп, 2 жоғары оқу орны, 5 колледж және 5 қосымша білім беру ұйымынан 160 мұғалім қатысты. «JasSpace» бағдарламасы аясында педагогтарды оқыту қазақ және орыс тілдерінде тегін жүргізілді.

Жоба үйлестірушісі Жанар НҰРТӨЛЕУДІҢ айтуынша, 15 күн ішінде Мақат, Құрманғазы, Жылыой, Индер және Махамбет аудандары мен Атырау қаласының мұғалімдері интеграцияланған және пәнаралық оқытуды енгізуге бағытталған STEAM (STEAM — Science, Technology, Engineering, Art and Mathematics) тәсілін қолдану бойынша оқытылып, біліктіліктерін арттырды.

Оқыту екі кезеңде: 1-5 тамыз аралығында «Caravan of  Knowledge» білім беру ұйымымен серіктестікте онлайн форматта және 8-19 тамыз аралығында «ҚазРоботикс» Қазақстанның Білім және спорттық робототехника федерациясымен» бірлескен оффлайн форматында өткізілді.

- Оқыту бағдарламасы білім беруге, жоғары технологиялық жабдықта жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруге, шетелдік STEAM жобаларымен танысуға және тәжірибе алмасуға бағытталған. Тренингті аяқтағаннан кейін қатысушылар мектеп оқушыларымен жұмыс істеуде алған дағдыларын қолдана алады, бұл балаларға ең батыл идеяларды, соның ішінде әлеуметтік пайдалы жобаларды және табысты стартаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз, - дейді «ҚазРоботикс» президенті Айжан ЖАКЕЕВА.

Курсқа қатысушылар 5E (қатысу, зерттеу, түсіндіру, сұрақ әзірлеу және бағалау), PBL (жобаға негізделген оқыту), Engineering Design (инженерлік дизайн) әдістерін қолдана отырып, заманауи сабақтарды әзірлеу біліктіліктерін дамытып қана қоймай, Arduino микроконтроллерінде жұмыс істеді, 3D принтерлерде нысандарды модельдеп, лазерлік кесу және гравюра аппараттарын қолданды және әртүрлі бұйымдар жасады.

Курс соңында оқытушылар жобалық жұмыстарын - мектеп оқушыларының STEAM жүйесінде оқу үдерісін жақсартатын инновациялық әзірлемелер: студенттерге арналған арнайы SMART аймақтары, роботтар, ақылды үй технологиялары, робо-автомобильдер және т.б. таныстырды.

- Командамызбен «Тірі субұрқақ» жобасын екі күнде аяқтадық, бағдарламаны құрастырып, содан кейін кесу, принтерге көшіріп, безендіруге жауапты болдым, - дейді №3 гимназия мектебінің информатика мұғалімі Марина СЛАДКОВА.

«JasSpace: Атырау жастарын дамыту бастамасы» жобасының жетекшісі Салтанат НОҒАЙБАЛАНОВАНЫҢ айтуынша, бүгінде Атырау облысында 83 мектеп STEM және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Бірақ барлық кабинеттер толыққанды жұмыс істемейді – дайындығы бар педагогтар жеткіліксіз.

Барлығы «JasSpace: Атырау жастарын дамыту бастамасы» аясында оқытушыларға арналған бес білім беру STEAM бағдарламасы әзірленді, ал қыркүйек айынан бастап Атырау қаласының 7-11 сынып оқушылары үшін он білім беру STEAM бағдарламасы бойынша тегін үйірмелер өткізіледі.

Елена СҮНДЕТОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

23 тамыз 2022, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.