Атырау, 3 мамыр 08:06
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Енді бұралқы иттер бірден жойылмайды

Сурет
1 100 просмотра

Атырауда наурыз айынан күні бүгінге дейін мыңнан аса бұралқы ит ауланған. Иттерді аулау Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген жаңа қағида бойынша жалғаса береді.  Бұл туралы брифингте Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Азамат АЙТҚАЛИЕВ мәлімдеді. 

- Былтыр 30 желтоқсанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заң шықты. Осы заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілер - «Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары» және «Жануарларды ұстау және серуендету» қағидалары өткен айдың соңында күшіне еніп, қазір өңірде осы қағида бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни көшеде жүрген иттер бұрынғыдай атылып, бірден жойылмайды. Олар ауланып, үш күн бойы уақытша ұстау панажайында ұсталады. Егер иесі табылмаған жағдайда, олар арнайы ветеринар, кинолог-маман және зоопсихологтар қарауынан өтеді. Атап айтқанда, ішкі құрты, бүргесі тазартылып, құтыруға қарсы екпе салынады. Содан соң ұрықсыздандырылады. Егер теріс мінез-құлқы айқындалмаса, иттер есепке алынып, қоршаған ортаға кері жіберіледі. Ал, ызалы болып, адамға зиян келтіретін жағдайлар байқалса, жансыздандыру арқылы жойылады, - дейді А.Айтқалиев. 

Айтқалиевтің айтуынша, бүгінге дейін 150 итке кастрация жасалып, қоршаған ортаға жіберілген. Қалғаны арнайы орындарда жойылған. 

Қазіргі кезде қалада ит аулаумен «Доброе цердце» қоғамдық қоры мен  «INMARKET» ЖШС жұмыс атқаруда. Ит аулау туралы шағымдар тұрғындардан 109 желісі арқылы қабылданады. 

Ауланатын иттердің саны неге шектеулі болады деген тұрғындар сауалына «Доброе сердце» қоғамдық қорының ерікті-кинологы МАМУЧАР ДЖАБАСОВ жауап берді:

- Біздер мына жақта иттердің санын азайтумен күресіп жатқанда, екінші жақтан тұрғындар өздері иттердің күшігін сатып, көбейтіп отыр. Сол үшін күшіктерді сатуға  тыйым салып, қомақты айыппұл қарастыру керек. Сол кезде жасаған жұмысымыз көрініп, қалада иттердің саны азаяды.

Дегенмен, қала тұрғындарының көпшілігі көшеде балалардың жүруі қауіпті екенін айтып, әлі күнге қаңғыбас иттерден арыла алмай жатқанына шағымданды. 

Біз мамыр-қыркүйек айы арасында қалада 285 итті аулауға тендерден конкурсты жеңіп алған «INMARKET» ЖШС-мен хабарласқан едік. 

«INMARKET» ЖШС атқарушы директоры Исатай ОРАЗҒАЛИЕВ:

- Мамыр айының ортасынан бастап келісімшарт негізінде 285 ит және қосымша келісімшартпен тағы 78 ит ауладық. Қазіргі кезде келісімшарт толық аяқталып, енді қайтадан 3661 итті аулауға тендер ойнатылуда. Оның нәтижесі жақын күндері белгілі болады. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

23 тамыз 2022, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.