Атырау, 3 мамыр 05:37
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Ерекше кеш

Сурет Бейнежазба
878 просмотра

Атырауда «Муза» шығармашылық клубының ұйымдастыруымен ерекше музыкалық кеш өтті. Оның ерекшелігі сол – бұл кеш таза ауада, ашық аспан астында ұйымдастырылды. Бір жарым сағат бойы көрермендер кешкі шам жарығы мен алаңды безендірген жүздеген түрлі-түсті ленталардың нәзік сыбдыры аясында жанды дыбысты тыңдады.

Сессиялық гитарист, облыстық филармонияның музыканты Арман ҒИЛМАНОВ «Фронтмен» атанды. Ол fingerstyle әдісін қолдана отырып, бір гитараның бүкіл музыкалық ұжымды қалай алмастыратынын көрсетті. Бұл акустикалық гитарада ойнау техникасы, онда гитарист соло, ырғақ және бас партияларын бір уақытта басқарып, бір уақытта бірнеше аспаптың дыбысы шыққандай әсер қалдырады.

«Мерей» ансамблінің бұрынғы мүшесі ретінде жергілікті жұртшылыққа кеңінен танымал Мүсілім ӘУБӘКІРОВ кеш қонағы болды. Ансамбльді құрушы әрі қаламыздың әнұраны «Атырау – Арманды» жазған Болат ҚОХАМАНОВ естеріңізде ме?

 «Sunny», «Waka waka», «Tell me why», «Havana» және тағы басқа хиттерді орындаған Ару АЙДАРОВАНЫҢ дауысы да мерекелік шараға көрік берді. Жастардың бастамасын қолдауға көптеген сыйлықтың, соның ішінде шетелдік музыкалық марапаттардың иегері Санат АСУАТ та келді.

- Біз Әмірді (кешті ұйымдастырушы Әмір ТАҒАШОВ) және оның жобасын қолдауға келдік. Атырау тұрғындарының осындай іс-шараларға қатысып, араласып, танысып, ән айтқанына разымын, – дейді Санат.

Көрермендер бірауыздан ән шырқап, кейбірі өздерінің сүйікті хиттерін орындады.

Шара соңында Ару мен Арман кештің Over the rainbow әнін тамаша орындады.

Елена СҮНДЕТОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

23 тамыз 2022, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.