Атырау, 2 мамыр 19:37
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Енді жүгеріні де қолға алды

Сурет
1 405 просмотра

Атырауға қарбызымен танымал «Дастан» шаруа қожалығында мал азығын дайындау үшін жүгерінің «Пионер» сортын өсіруді қолға алды. Шаруа қожалығының жетекшісі Қоныс ЕРМАНОВТЫҢ сөзінше, жүгері егуге мал азығының тапшылығы әсер етіпті. Өйткені олар егін шаруашылығынан бөлек, құс шаруашылығымен айналысады.

- Биыл жауын-шашынның көп түсуіне байланысты мал азығының 80-90 пайызы облыс аумағында дайындалып жатыр. Оған қоса, жергілікті климатқа байланысты екпе шөп егу жұмыстары жолға қойылды. Бүгінде жаңбырлатып және тамшылатып суару әдісімен облыс бойынша 3800 гектарға жуық жерге екпе шөп егілді. Салаға мемлекеттен субсидиялар да беріліп жатыр, - деді облыс әкімінің орынбасары Қ. НҰРЛЫБАЕВ Махамбет ауданы Ақжайық ауылындағы ауылшаруашылық мамандарының облыстық семинарында. «Дастан» шаруа қожалығының егін көлемі 115 гектарға жуық. Оның 90 гектарында бақша дақылдары, 18 гектарында картоп, 5 гектарында жүгері өседі.

«Дастан» егіншілері екі жыл қатарынан тамшылатып суару технологиясымен бес гектар аумаққа тұқым сепкен. Биыл өнім бітік шығып, әр гектардан жүгерінің 400 центнер «Пионер» сортын жинаған. 2023 жылдан бастап егістік алқабын кеңейтіп, 15-20 гектар жерге жүгері егуді жоспарлап отыр.

- Көршілес Ресейдегі тамшылатып суару әдісі арқылы жүгері өсіретін шаруалармен тығыз байланыстамыз. Солармен тәжірибе алмасып, біліктілігімізді арттырып келеміз. Бұл технологияны қолданған кезде су дақылдың тамырына тікелей барады. Осылайша өнім алу көрсеткіші де ұлғаяды. Алғаш еккеннен-ақ мол дақыл беруі – жеріміздің агротехникалық талапқа сай, ойдағыдай өнім жинауға мүмкіндік мол екенін аңғартады. Оған қоса, жүгері бұрын егін егілген жерге жақсы өседі. Әзірге дақыл аз көлемде болғандықтан қол күшімен жиналды. Алайда, өнім саны артса, комбайн мен арнайы техникалар қажет болады, - деді «Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі Қоныс Ерманов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

22 тамыз 2022, 23:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.