Атырау, 8 желтоқсан 08:59
 бұлттыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Облыстық драма театрының директоры өмірден озды

1 631 рет қаралды

21 тамыз күні  Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры ЖӘМЕНОВ Берік Қилекешұлы кенеттен өмірден өтті.   

Берік Қилекешұлы Жәменов 1964 жылдың 28 қаңтарында Атырау облысы Құрманғазы ауданында, Приморье ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Гурьев облыстық музыка училищесін аяқтап, еңбек жолын «Нарын» фольклорлық ансамбілінде әртіс болып бастаған. 1992-2000 жылдары облыстық филармония директорының орынбасары, 2000-2002 жылдары «Мұнайшылар» мәдениет сарайы директорының орынбасары, 2006 жылдан Махамбет атындағы қазақ драма театырының директоры қызметін атқарды. 

Өмірлік серігі, белгілі өнерпаз Шарипа Жәменова екеуі екі перзент тәрбиелеп өсірді. Еліміздің дамуына сіңірген еңбегі үшін «Тәуелсіздіккке 20 жыл» медалімен марапатталып, «Сахнагер -2018» ұлттық театр сыйлығының «Үздік менеджер» номинациясын иеленді, «Құрмет» орденінің, Махамбет сыйлығының лауреаты атанды.

Марқұммен қоштасу рәсімі 23 тамызда сағат 9.00-де Махамбет атындағы драма театрда өтеді.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

22 тамыз 2022, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.