Албания Грамши қаласына таяу маңдағы әскери зауытқа кірмек болған Ресейдің екі азаматы мен Украинаның бір азаматын ұстаған. Оның біреуі қарсылық көрсетіп, зауытты күзетіп тұрған екі жауынгерді "жаралаған". Албания премьер-министрі Эди Раманың сөзінше, олар "тыңшы" болуы мүмкін, деп хабарлады Азаттық радиосы.
Албания қорғаныс министрлігі "Ресейдің 24 жастағы азаматы қарсылық көрсетті" деп хабарлады. Ол әскери зауыт аймағын суретке түсірмек болған, ұстауға ұмтылған күзетшілерге газ баллонын шашқан. Оның жанында Ресейдің 33 жастағы әйел азаматы мен Украинаның 25 жастағы ер азаматы болған.
Албания баспасөзі ұсталған әйел құжаттарының суретін жариялады. Ол - белгілі саяхатшы және фотограф Светлана Тимофеева (Лана Сатор) болып шыққан. Тимофеева Ресей мен әлемдегі "қаңырап қалған және біртүрлі" нысандарды суретке түсіруге маманданған. Оның ішінде әскери бөлімдер мен тыйым салынған жерлер де бар.
Грамшидегі әскери зауыт коммунистік режим кезінен бері АК-49 автоматын шығарып келе жатыр. Албания қорғаныс министрлігі мәліметінше, қазір ол "қорғаныс өнеркәсібіне өндірістік қызмет көрсетеді".
Ресейдің Албаниядағы елшілігі әзірге реси хабар алмағанын, болған жайтты тек баспасөзден біліп отырғанын айтты. Албания 2009 жылдан НАТО мүшесі.