Атырау, 5 қазан 06:32
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

15 қыркүйектен бастап АМӨЗ-де жөндеу жұмыстары жүргізіледі

984 просмотра

2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес Атырау МӨЗ-да 27 технологиялық қондырғыда жөндеу-алдын алу жұмыстары басталады, деп хабарлайды АМӨЗ сайтында.

2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес Атырау МӨЗ-да 27 технологиялық қондырғыда жөндеу-алдын алу жұмыстары басталады.

Жоспарлы-алдын ала жөндеу қондырғылардың жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізу, экологиялық параметрлерді жақсарту және автоматтандыру құралдарын ретке келтіру мақсатында технологиялық, компрессорлық және динамикалық жабдықты қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.

ҚР Энергетика Минситрлігі бекіткен өндірістік бағдарламаны орындауға байланысты, ҚР нарығында жанар-жағармай майдың  тапшылығын болдырмау үшін Атырау МӨЗ жөндеу жүргізу басталғанға дейін қажетті резерв дайындайды. Технологиялық объектілерді жөндеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Жоспарлы жөндеу кезеңінде қондырғыларда мынадай жұмыстар жүргізіледі: катализаторларды ауыстыру, ішкі инспекция, реакторлық, ыдыстық, колонналық, жылу алмасу жабдығы мен құбыр жолдарын тексеру және куәландыру.

АМӨЗ -ын тұрақты жұмыс режиміне шығару кезең-кезеңмен 2022 жылғы қарашаның бірінші онкүндігіне дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр

22 тамыз 2022, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.