Атырау, 5 қазан 06:25
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тамыз айында билет сатып алу үнемі проблемаға айналады

1 088 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынды

Тамыз айының соңы – демалушылардың үйлеріне оралып, студенттердің жоғары оқу орындарына кететін уақыты. Бұл уақытта ең өзекті бағыттар – Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына билет бағасы шарықтап тұр. Дегенмен, билет бағасы бұдан көп уақыт бұрын басталды. Біз қызымызға Алматыға 12 шілдеде билет сатып алдық, сол кездің өзінде багажымен бірге 62 мың теңгеге шықты.

Атырау халықаралық әуежайы қызметкерлерінің айтуынша, олар үшін және ауе компаниясы қызметкерлері үшін жаз мезгілі, мектеп каникулдары және Жаңа жыл - ең қарбалас уақыт

- Бұл уақытта барлық бағыт бойынша - ішкі және халықаралық рейстердің саны артады. Егер қарапайым күндері бізде 16 рейс болса, мереке күндері және маусымда олардың саны 25-26-ға дейін көбейеді. Атыраудан ұшатын ең танымал бағыттар Анталия, Шарм-эль-Шейх, Алматы, соңғы жылдары Ақтау да қосылды. Борт іші толық болады, – дейді Атырау халықаралық әуежайы бас директорының орынбасары Жаңыл ҮМБЕТЯРОВА.

Билет сатататын кеңселер қызметкерлерінің айтуынша, жолаушылар арасында студенттер мен балаларын жаңа жерге орналастыру үшін жолға шыққан бірінші курс студенттерінің ата-аналары басым. Билет бағасы қымбат болса да тапшы. Өздерін «қолжетімді» деп санайтын әуе компаниялары да бағасын көтеріп жіберген.  Ал оларда билеттердің көбіне багажы есепке алынбай сатылатынын, ол үшін қосымша ақы төлеу керек екенін ескерсек, баға бәсекелестерінің бағасына жетіп қалады. Сатылған ұшақ билеттерінің саны салондағы орындар санынан көп болатын артық брондалған жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, 148 орындық бортта шамамен 152 билет сатылады. Бұл қайтарылмайтын билеттер алған кейбір жолаушылардың  түрлі себептермен рейспен ұшпайтындығынан жасалады.

- Мұндай жағдайларда бизнес-класта бос орындар болса, эконом-кластағы жолаушыларды сол жерге отырғызуы мүмкін. Кейде қосымша артықшылықтармен келесі рейспен ұшуға келісетін жолаушыларды табуға тырысады, бірақ келісетіндер сирек. Мұндай жағдайда рейске міне алмаған жолаушыға өтемақы төленеді – әдетте 100 доллар көлемінде. Сонымен қатар, оны келесі рейске отырғызуға тырысады. Бірақ жолаушылар жоспарларын өзгерткенді ұнатпайды, сондықтан ертерек тіркелуді немесе онлайн тіркелуді ұсынамыз. Биыл әдеттегідей Түркияға сатылым көп болды, Мысырға, Ақтауға билеттер жақсы сатылды, дегенмен ол жаққа да билет арзан емес – бір бағытқа 50 000 теңге, – дейді әуе агенттіктерінің қызметкерлері.

27 тамызға Fly Arystan компаниясынан Алматы бағытына ең арзан билет 65 447 теңге тұрады. Түнгі рейс, багажсыз, ол үшін қосымша 10 389 теңге төлеу керек. Алматыға түнгі екі жарымда қонатын Scat рейсінің билеті 69 349 теңге тұрады, бірақ багажбен. «Эйр Астананың» жүксіз күндізгі рейс билеті – 224 376 теңге. 30 тамызға арналған билеттер де осындай бағада.

Нұр-Сұлтанға билеттер сәл арзанырақ. 25 тамызда Scat компаниясының багажсыз түнгі рейсі – 49 349 теңге, багаж үшін қосымша 6 100 теңге төлеу керек. «Эйр Астана» әуе компаниясының билеттері багажбен бірге – 224 296 теңге.

30 тамызға: күндізгі Scat рейсі багажсыз – 41 352, багаж үшін қосымша 6 100 теңге төлеу керек; «Эйр Астана» – багажсыз 60 884 теңге, оған қосымша ақы – 3 862 теңге. Fly Arystan – багажсыз 51 043 теңге, ол үшін үстеме ақы – 10 389 теңге. Air Astana-ның кешкі рейсінің билеттері 221 632 теңге болған.

Ақтөбеде Qazaq Air күндізгі рейсінің билеттері 25 тамызда 16 349, багажға қосымша 5 200 теңге; Fly Arystan – 22 423 теңге, оған багаж үшін 6 229 теңгені қосыңыз. 30 тамызда дәл осындай бағамен Fly Arystan рейсі бар. Оралға рейсті Qazaq Air жүзеге асырады, билет құны 23 425 теңге, багаж үшін 3 220 теңге.

ПОЙЫЗҒА БИЛЕТ АЛУ ДА ОҢАЙ ЕМЕС

Ең танымал оңтүстік бағытқа пойыз билеттерін ала алсаң жолың болғаны.

– Бұрын Алматыға баратын екі пойыз болатын, қазір біреуі қалды, ол да күнара жүреді. 20 вагон, жолаушы өте көп. Жазда арасында тіркеме вагондар жүреді, билеттерді кезекте тұрған жолаушылар сатып алады. Бүгін 21 тамызға Алматы бағытына билет сатттық, тіркеме вагон болды, – дейді Атырау теміржол вокзалының касса басшысы Ажар АХМЕТОВА.

Оның айтуынша, билеттерді 45 күн бұрын ерте сатып алу тәжірибесі болғандықтан қазір брондау жоқ.

– 45 күн бұрын Алматыға билет ала алмадым – мені демалысқа жіберетін-жібермейтіні белгісіз болды, ал бір ай бұрын билет болмады. Ұшаққа билет алуға тура келді, отбасымызға бір бағытқа 200 мың теңгеге шықты, - деп шағымданады Болат САХИП.

Жақында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі маусымдық сұраныстың артуына байланысты теміржол вокзалдарында билеттерді қайта сатуға қатысты шағымдардың жиілеп кеткенін хабарлады.

– Жол жүру құжаттарын сатып алу және қайта сату фактілеріне жол бермеу мақсатында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің тапсырмасы бойынша теміржол вокзалдарында тиісті жұмыстар жүргізілді. Заң бұзушылықтарды жою мақсатында 2019 жылдан бастап электронды «Күту парағы» қызметі және орынды брондау фактісін растау үшін SMS жіберу енгізілді. Қайтарылған жағдайда билет жүйеге енгізіліп, алдымен автоматты түрде «Күту парағына» жіберіледі, яғни қайтарылған билетті дереу сатып алу мүмкін емес. «Күту парағына» кезек те адам факторынсыз автоматты түрде жасалады. Заманауи электронды билет жүйесі авторизацияланған пайдаланушыларға басқа жолаушыға билеттерді қайта ресімдеуге мүмкіндік бермейді. 2022 жылдың 6 айында «Күту парағы» қызметін 196 494 адам пайдаланған (өткен жылдың осы кезеңінде 77 728). Бұдан басқа, қажетті күнге билет болмаған жағдайда жолаушылар билеттерді «өтпелі» сату қызметін пайдалана алады, бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында қолжетімді.  Бұл қызмет клиентке Қазақстан бойынша қозғалыстың бірнеше кезеңінен тұратын оңтайлы бағытты таңдауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері әзірге хабарланбады, бірақ сұраныс қашан да ұсынысты тудырады және қандай қатаңдату шаралары қабылданса да, билетті заңсыз сатудан «байығысы» келетіндер азаймайды. Олардың жалғыз жұмыс істемейтіні анық, өйткені теміржол билеттерін сатып алу үшін жолаушылардың құжаттары да қажет.

ТАКСИ БӘРІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЕМЕС

Мен теміржол билеттерін сататын орындарды арнайы бақылап отырдым. 26 тамызға Алматы бағытына купеден екі жоғарғы орын таптым, құны 22 629 теңге. Бұл бағытқа тамыз айының соңына дейін билет жоқ. Нұр-Сұлтанға тек 3 қыркүйекке ғана билеттер бар. Ақтөбеге плацкарт пен ортақ вагонға билет сатып алу әлдеқайда оңай.

- Пандемияға байланысты екі жыл ешқайда шықпадық, немеремді Алматыға оңалту үшін апаруымыз керек, бірақ билет жоқ. Күн ыстық, балалар далаға шыға алмайды, бірақ далада не істейді, шаң жұтып, уланған ауамен демалу үшін шыға ма? Неліктен ол бағытқа тым болмаса жазда, жаңа жылда қосымша пойыздар енгізбейді? Жүздеген адам емделуге мұқтаж, студенттер оқуға барады - мұның ешқайсысы ескерілмейді! – деп ашуланды Мария апа. Ол ақыры шипажайға билет сатып ала алмапты.

Менің көзімше ақыры Алматыға билет ала алмаған студент-жігіттер таксиге отыруды ұйғарды. Бірақ жас балаларға бұған шыдау оңайырақ. Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ересектер мен емделуге мұқтаж ерекше қажеттіліктері бар балаларды неге ойламайтыны белгісіз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

22 тамыз 2022, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.