Атырау, 5 қазан 06:24
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Шаңын бұрқыратып, асыра орындап жатыр

Сурет
1 494 просмотра

Қазіргі уақытта жабық тұрған Атырау-Дамбы қиылысынан Зарослый ауылына апаратын жол бөлігі тамыз айының соңына дейін ашылады, деп хабарлады қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

– Қашықтығы 700 метр болатын Балықшадан Зарослый ауылына апаратын жолдың бөлігінде жөндеу жұмыстары екі ай бұрын басталған еді. Жолдың жөнделетін бөлігі Атырау-Дамбы қиылысынан басталады. Екі жағынан да бетон қойылған. Жұмыс жасап жатқан адам көрінбейді. Зарослый, Дамбы, Қызылбалық ауылының тұрғындары осы учаскені айналып өтіп, қайтадан негізгі жолға шығады. Бірақ, неге екені белгісіз, 3 апта бұрын жолшылар ол жолдың үстіндегі бір қабатын алып тастаған. Бұл жерпде ешқандай жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Енді 1,5-2 шақырым жол бүлініп жатыр. Шаң төбеге көтеріліп тұр, жаңадан шұңқырлар пайда болып жатыр. Жолға жақын тұратындарға оңай емес. Дөңгелек астынан ұшқан тас пен қоқыстан тұрғындар аулаға шыға алмай отырмыз деп шағым айтты. Дәлел ретінде "АЖ" редакциясына бейнежазбаға түсіріп жіберген. 


Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен биыл жылдың басында «Балықшы ықшамауданынан Зарослый ауылына дейін автомобиль жолын қайта жаңғырту" нысаны бойынша уақытылы қаржыландырылғандықтан, салдарынан инертті материалдарды жеткізу және тасымалдауға байланысты біраз қиындықтар туындағанын хабарлады. Қазір қаржыландыру мәселесі шешілді – республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.

– Нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде, тіпті бекітілген кестеден де озып келеді. Жобалық шешімге сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының ұзақтығы 23 айды құрайды, ал аяқталуы 2023 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Бірақ мердігер «Қазақдорстрой» ЖШС тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша Балықшы-Зарослый жолын қайта жаңғырту жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтап, ал аталған жол бөлігін 31 тамызда ашуды жоспарлап отыр. Содан соң бірден жолдың келесі бөлігінде жөндеу жұмыстары басталады, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлібек МҰХАНБЕТАЛИЕВ. – Жолдың үстіңгі қабатын фрезерлеу арқылы алып тастау мәселесіне келетін болсақ, бұл көп күш жұмсалатын жұмыс, сондықтан бұл жұмыстардың алдын ала атқарылуы құрылыс жұмыстарының қарқынын кідіртпес үшін жасалған. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Абай ШӘМЕЛ

19 тамыз 2022, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.