Атырау, 23 сәуір 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Сарбаздың ажалы: ҰҚК комментарийі

1 163 просмотра

"АЖ"-да Исатай авуданында шекара қызметінің сарбазы қаза болғаны туралы хабар жарияланғаннан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі баспасөз хабарламасын жариялады. 

"2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Ерғалиев Нұрбек қайтыс болды. Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша "кенеттен болған жүрек өлімі" анықталған.

Әскери қызметшінің өлім дерегіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғаған.

ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шаралары қабылданып жатыр", - делінген хабарламада.

19 тамыз 2022, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.