Атырау, 5 қазан 06:21
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Алаяқ ​Атырау облысы тұрғындарын 40 млн теңгеге алдады

1 434 просмотра

Алаяқ Атырау облысы тұрғындарын 40 млн теңгеге алдады. Күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Атыраулық тұрғын 400 мың теңгесін алаяқтар иемденіп алғаны жөнінде полицияға арызданған. 

Аталған қылмысқа күдікті ретінде 35 жастағы Қарағанды облысының тумасы анықталды. Ол екінші дәрежелі банктер арқылы тауарлық несиелер алып беремін деп адамдардың сеніміне кіріп, қаражатты қалтасына басып отырған. 

- Осылайша, күдікті Атырау облысының 40 тұрғынын алдап, 40 млн теңгеге жуық залал келтіргені анықталды, - делінген хабарламада.  

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен ("Алаяқтық") тергеу жүргізілуде. Күдікті Алматы қаласында анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

19 тамыз 2022, 01:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.