Атырау, 29 қараша 03:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тұтынушылар мен жылу берушілер. Талап арыз қараусыз қалдырылды

1 085 просмотра

Экономикалық сот облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің «Атырау ЖЭО» АҚ мен «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ға қатысты талап арызын қараусыз қалдырды.

Еске сала кетсек, биыл жылдың басында пәтеріне жеке есептеу құралдарын (ЖЕҚ) орнатқан Атырау қаласының бір топ тұрғыны АЖ-ға хабарласқан еді. Алайда, белгілі болғандай, қолданыстағы заңнамада ЖЕҚ иелері үшін тариф сараланбағандықтан құралдың көрсеткіші бойынша төлем жасау мүмкін болмай отыр. Сондықтан, төлем шоттары тұтынушыларға жалпы үй есептегіштерінің көрсеткіштеріне сәйкес келіп тұрады. Ал АЖЭО сот арқылы жеке есептеу құралын тіркеуге және оларға мөр салуға мәжбүр еткен еді.  

Монополистермен және мемлекеттік органдармен редакцияның хат алмасуы барысында ҚР Энергетика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамаға жылу тұтынушыларына жеке есептеу құралы бойынша төлеуге мүмкіндік беретін  өзгерістерді енгізуді әлі де дайындап жатқаны белгілі болды. 

Ал ЖЕҚ иелері әртүрлі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген барлық талап пен шарттарды орындады және іс жүзінде олар бұдан былай жалпы үй есептеуіш құралдарының көрсеткіші бойынша есептесетін тұтынушылар санатына жатпайды. Бұл жайт, атап айтқанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ЖЕҚ иелерінің мүддесін ескеруді талап еткен монополистерге қарсы талап арызына негіз болды. Атап айтқанда, әзірге заңға өзгертулер енгізіліп жатқан кезде, мұндай тұтынушылармен орташа тариф бойынша, яғни ешқандай санатқа енгізбей, есептесу керек. 

Жоғарыда айтылғандай, экономикалық сот бұл талап арызды қараусыз қалдырды. Судья шешім қабылдағанда талапкердің дауды сотқа дейін реттеуге әрекет жасамағанын негізге алды, ал бұл міндетті рәсім екен. Қалай болғанда да, сотқа мұны растайтын құжаттар ұсынылмаған.

- Шынында да, талап арызға сотқа дейінгі талап тіркелмеген, бірақ бұл мүлде болмаған дегенді білдірмейді. Егер судья сотқа дейінгі талап арызды сұрағанда, әкелер едік, – дейді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Әлем УӘЛИЕВ. - Енді біз талап арызды қайта беруге дайындалып жатырмыз.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты да осыған ұқсас талап арызды («Әділет» тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» ҚБ) қарап, ондағы жергілікті жылу мекемесі «Астана-Теплотранзит» АҚ-ын  ЖЕҚ бойынша қайта есептеп қана қоймай, сонымен бірге жауапкерден моральдық залал, өсімпұл, сондай-ақ өкілдік шығындарын өндіріп алды. Елордалық соттың шешімі заңды күшіне енді.

Лев ГУЗИКОВ

18 тамыз 2022, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.