Атырау, 10 қыркүйек 06:58
 дождьВ Атырау +14.6
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Толық тоқтамайды: Энергетика министрлігі АМӨЗ-дегі жоспарлы жөндеу туралы

1 448 рет қаралды

Энергетика министрлігі қыркүйек-қазан айларында Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын-ала жөндеу жүргізіледі деп хабарлады. 

"Қыркүйек-қазан айларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) куәландыруға байланысты Атырау МӨЗ-де жоспарлы алдын-ала жөндеу жүргізілетін болады.

АМӨЗ-дің артықшылығы мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды схемасы болып табылады, яғни объектілер кезекпен тоқтап, іске қосылады.

Зауыттың 50-70% қуаты жұмысын жалғастырады, объектілер толық тоқтатылмайды", - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

18 тамыз 2022, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.