Атырау, 6 мамыр 17:42
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Атырауда құтқарушылар пәтерге кірген екі жарқанатты ұшырып жіберді

1 126 просмотра

Сәтпаев көшесіндегі көпқабатты үйдің екі тұрғыны жедел-құтқару жасағының мамандарынан көмек сұрап хабарласты. Үйлеріне ұшып кірген жарқанатты өздері шығара алмаған. Қорыққан.  

- Тамыз айында жаңа туған жарқанаттар өздеріне қоныс іздейді екен. Осы кезеңде тәжірибесіз тышқандар абайсызда пәтерге ашық терезе арқылы ұшып кіруі мүмкін. Қорқатын дәнеңе жоқ. Жарқанатты өзіңіз ұстауға тырыспаңыз. Тек бөлменің есігін жауып, барлық терезелерді ашып, өзі ұшып кеткенше күте тұрғаныңыз жөн, - дейді Атырау облысының ТЖД құтқарушылары. 

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

ТЖД ұсынған сурет

18 тамыз 2022, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.