Атырау, 25 желтоқсан 03:48
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Автобус маршруты: қала мен қала маңындағы мекендер бөлінеді

1 847 рет қаралды

Бұрын хабарлағанымыздай, Атырауда 20 тамыздан бастап 17 автобус маршрутының бағыты өзгереді. "АЖ"-да жарияланған  өзгерістер тізімі халық арасында біраз сұрақ туындатты. Әлеуметтік желіде тұрғындар ауылдық округ пен қала арасында қатынап жүрген автобустар енді қалаға кірмейді деген ұсынысқа қарсылық білдіріп жатыр.

- Білеміз, алайда қазір автобустар ұзақ жол жүру салдарынан тозып, кейбірі жиі істен шығып жатыр. Сондықтан қала сыртындағы маршруттар енді қала шетіндегі үлкен аялдамаға дейін келіп тоқтайды. Сол жерден қала ішіне қатынайтын қажетті маршрутқа отыра алады, - деді «Smart Atyrau» КМК директоры Аслан АРОНОВ.

Ароновтың сөзінше, қала сыртындағы автобустарды қала ішіне дейін жүргізу мәселесі енді талқыланбайды. Ал қала іші бойынша өзгеретін маршруттар алдағы уақытта халықтың ұсынысын ескеріп, өзгертіледі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

18 тамыз 2022, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.