Кабулдағы мешітте жарылыс болып, он адам қаза тапты, 27-сі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның ішінде 5 бала бар. Оқиға ақшам намазы кезінде болды. Әзірге жарылысты кімнің ұйымдастырғаны белгісіз. Былтыр билікке тәліптер келгеннен кейін ислам мемлекеті тобы белсенділігін арттырды. Өткен аптада дәл осы топ тәліптер имамының өлімін өз мойнына алған еді.