Атырау, 5 қазан 06:25
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жолда екі жасөспірімді қағып, қашып кетті

1 047 просмотра

17 тамызда сағат 22:40 шамасында Атырауда маркасы "Ваз 2114" автокөлігін басқарған белгісіз азамат Сәтпаев көшесі “Ардагер” ойын сауық орталығы тұсында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 17 жастағы қыз бен 16 жастағы жас жігітті қағып кетті. 

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жас қыз жедел-жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Зерттеу жүргізілді, қазір жағдайы тұрақты, емін жалғастырып жатыр. Жігітке медициналық көмек қажет болмады. 

Ал жүзгізушінің өзі автокөлікті оқиға орнында қалдырып, жасырын кетіп қалған. Полиция департаменті хабарлағандай, "Ваз 2114" автокөлігі арнайы тұраққа қойылып, жүргізушісі іздестіріліп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет әлеуметтік желіден алынды

18 тамыз 2022, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.