Атырау, 6 желтоқсан 02:45
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Канело Головкинмен жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізетінін жариялады

1 036 рет қаралды

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізбек, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жектен кейін сауық кеші болатынын жариялады.

"17 қыркүйекте Канелоның Fight After Party ресми кешінде Zouk Night club-та өтетін тағы бір ұмытылмас түнге дайын болыңыз", - делінген оның Instagram-парақшасындағы жазбада.

Еске салайық, боксшылар бұл аренада 2017 және 2018 жылдары кездескен болатын. Бірінші жекпе-жек тепе-тең есеппен аяқталса, екіншісінде Альварес жеңіске жетті.


17 тамыз 2022, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.