Атырау, 20 сәуір 14:20
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Астрахань жолының құрылысы баяу жүріп жатыр

1 063 просмотра

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ жолдың қайта жаңғырту жұмыстарымен танысқаннан кейін мәлімдеді. 

Аймақ басшысы облыс орталығынан Ресей Федерациясына дейінгі жол құрылысын көлікпен жүріп өтіп тексерді.

- Кесте бойынша атқарылып жатқан жұмыстарда кідіріс барын апта сайын маған берген мамандардың есебінен көріп, сапар барысында осыған көзім жетті. Мұндай жұмыс қарқынымен кестеде белгіленген уақыттан кешігесіздер. Ұйымдастыру жұмыстарын қолға алып, тиісті шараларды қабылдаңыздар, - деді С. Шәпкенов.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облысы филиалының директоры Болатбек Айтбаевтың мәліметінше, 217 шақырым жолдың 54 шақырымына негізгі төсем салынса, 45 шақырымына қара қиыршық тас төселген. 22 шақырымына бір қабат асфальт-бетон төселді. Соның ішінде 20 шақырымы пайдалануға берілді. Құрманғазыдан бері 833 шақырымнан бастап 12,5 шақырым және Жанбай мен Аққыстау арасындағы 7,5 шақырым жол ашық. Енді Жанбаймен Аккыстаудың арасын таяуда 10 шақырымға жеткізіп, пайдалануға береміз. Осы айдың соңына дейін Жанбай мен Аққыстаудың арасындағы 20 шақырым жол толығымен ашылады. Сонымен қатар, төменгі қабаты төселіп, барлығы 35 шақырым жолды ашу жоспарланған.

Болатбек Айтбаевтың мәліметінше, жол төсеу жұмыстарына қажетті материалдардың жетіспеушілігі бар.

- Мердігер мекемелер жеткізушілерге ақшасын төлегенімен қажетті инертті материал жеткіліксіз екені анықталды. Сонымен қатар, битум жеткізу мәселесі де қиындық туғызып тұр. Жалпы учаскелер бойынша техника және жұмыс күші жеткілікті, - деді Б. Айтбаев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 тамыз 2022, 07:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.