16 тамызда Атырауда Абай орталығында салтанатты түрде «Atyrau Chess Festival 2022» атты алғашқы халықаралық шахмат фестивалі ашылды.
Көрнекті қазақстандық спортшы, әлем және Азия чемпионы Динара СӘДУАҚАСОВА негізін қалаған Шахмат академиясы ұйымдастырған турнирге 9 елден - Қазақстан, АҚШ, Нидерланды, Литва, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресейден келген әртүрлі жастағы 200-ден астам спортшы қатысып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ осы себеппен Динара Сәдуақасоваға құттықтау хатын жолдады. Оны облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ шараның ашылу салтанатында оқып беріп, Динара Сәдуақасоваға табыс етті.
- Халықаралық шахмат фестивалі облысымызда алғаш рет өтіп отыр. Атыраулық спортшылар үшін бұл халықаралық деңгейдегі шахматшылармен күш сынасып, тәжірибе алмасу мүмкіндігі. Атыраудың намысын бүгінде мықты шахматшылар Жәнібек АМАНОВ пен Зарина НҰРҒАЛИЕВА қорғайды, - дейді Атырау облысының шахматтан бас бапкері Сабырбай ГАЙСИН.
Фестиваль бағдарламасында үш негізгі турнир өтеді: Atyrau Open, Atyrau Juniors және Atyrau Blitz. Фестиваль сегіз күнге жалғасып, 24 қыркүйекте қорытындыланады. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 13 млн теңгені құрайды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор