Атырау, 26 сәуір 09:50
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Атыраудың спорт үйірмелері «өлі жанмен» сабақ өткізу үшін мемлекеттен ақша алды

1 051 просмотра

Атырау қаласының прокуратурасы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдаудың Жол картасы аясында ұйымдастырылған үйірмелер мен спорт секцияларының жұмысын тексерді.

– Прокурорлық ден қою шараларымен түрлі спорт үйірмелеріндегі білім алушылар тізіміне «өлі жандарды» енгізу арқылы кәсіпкерлер заңсыз иемденген 405 423 теңге мөлшеріндегі сома бюджетке қайтарылды, - деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметі. Талдау нәтижесімен Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорттық іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын кәсіпкерлердің заңсыз иемдену фактілері анықталды. Сондай-ақ, заңнамамен алынып тасталған «өзге де шығындарды» негізсіз қосу есебінен балалар музыкалық  мектептерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын заңсыз көтеру жағдайлары анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша қалалық музыка мектептерінде бағаны 10%-дан астам қымбаттатудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 тамыз 2022, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.