Атырау, 1 мамыр 08:28
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда Ұлттық жобалар шеңберінде 48 мың жұмыс орны ашылады

948 просмотра

Облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВТЫҢ төрағалығымен өткен жиында ұлттық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындары туралы өзекті мәселе талқыланды. 

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері қатысты. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВТІҢ мәліметінше, өңірлік жұмыспен қамту картасы бойынша Ұлттық жобалар аясында 2021-2025 жылдары 48 601 жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінен 2022 жылы 10654 жұмыс орындары ашылады.

- Биыл іске асыруға жоспарланған 169 жобаның 86 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жалпы 10 654 жұмыс орнындарына адамдар алынып, оның ішінде 4448-і вакансия арқылы жүзеге асады. Қалғаны жұмыспен қамту шаралары арқылы. Қазіргі таңда 64 мекеме жалпы вакансия жариялады. 1 595 бос жұмыс орындары Еnbek.kz - электрондық еңбек биржасына жарияланып отыр. Портал арқылы 478 адам жұмысқа орналасты, - деді А.Мәмбетов.

Аймақ басшысы басқарма басшыларына бос жұмыс орындарын электрондық еңбек биржасы арқылы жариялап, жұмыспен жедел қамту шараларын алуды тапсырды.

-  Егер жұмыс берушілер арнайы базамен жұмыс істеуді білмесе, жұмыспен қамту орталығының мамандары қолдау көрсетеді. Жұмысқа қабылданған адамдардың зейнетақы төленуі зейнетақы жарналарымен расталуы тиіс. Бүгінде 4448 адамның 75-не ғана зейнетақы жарнасы төленді. Қалғаны заң жүзінде негізсіз жұмыс жасап жүр. Өйткені ҚР Еңбек Кодексіндегі соңғы өзгерістерге сәйкес зейнетақы қорына жарна төлеп отырғандар ғана жұмыспен қамтылған болып есептеледі. Сондықтан барлық жұмысқа қабылданған адамдардың 10%-дық зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуын қамтамасыз етіп, қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын, - деді облыс әкімі.

Серік Шәпкенов өзінің жаңа орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВКЕ жұмыс тобын құрып, мәселені шешу мақсатында нақты тапсырмалар берді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 тамыз 2022, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.