Атырау, 25 желтоқсан 03:48
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

...Ал жол жиегіндегі әжетханалар адам көргісіз күйде

Сурет
1 497 рет қаралды

«Атырау-Индер» тас жолының бойындағы әжетханалар иесіз күйде қалып, автобус аялдамалары қоқыс орнына айналған. 

Бұдан 6 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен «Атырау-Индер» тас жолы бүгінде құрақ көрпедей қырық жамау. Оның үстіне жол жиегінде жабайы өсімдіктер өсіп кеткен, мал осы жолдың жиегінде жайылып жүр. Бұл жол-көлік оқиғасына соқтыруы әбден мүмкін дейді жүргізушілер.

- Асфальт үстінде мал жайылып жүреді, сол себептен сақ болудың амалын жасаймыз. Жол жиегіндегі жабайы өсімдіктерді тазалаған жөн, - дейді жүргізуші Алмас.

Махамбет және Индер ауданына қарасты аялдамалар түрлі қоқысқа толы, шөлмек шынылары, целлофандар, темекі тұқылдарынан аяқ алып жүре алмайсың. Ал әжетханалардың ішіне кіру мүмкін емес, әрі сасық иіс алып кеткен. Иесіз қалған аялдама мен әжетханалар ешкімнің теңгерімінде емес.    


- Жол жиегін тазарту мен аялдама ісінің күтімі бізге қарайды, ал әжетханалар келісім шартта көрсетілмеген, - дейді «Кенес Инжиниринг» ЖШС-нің техникалық директоры Кеңес ҮМБЕТОВ. - Әжетханалар бізге тиесілі болмаса да тазартуға тура келеді. Оны сол күйінде тастамаймыз ғой.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

15 тамыз 2022, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.