Атырау, 1 мамыр 12:01
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Нан қалдықтарына арналған бөшкелер орнатылды

1 024 просмотра

Атырауда алғаш рет нан қалдықтарына арналған арнайы контейнерлер орнатыла бастады.

Енді қала тұрғындары пайдаланылған нан өнімдерінің қалдықтарын жабдықталған арнайы орында қалдырады. Әр екі күн сайын контейнерлердегі нан қалдықтары жиналып, сұрыпталып, кептіріліп, цехқа жіберіледі. Арнайы жабдықта нан қалдықтарынан ірі қара мен ұсақ малға арналған түйіршіктелген жем дайындалады. Дайын өнім шаруа қожалықтары мен басқа да кәсіпкерлерге сатылады деп жоспарлануда. Әкімдік қолдаған жобаны кәсіпкер Арман САГИНАЕВ әзірледі.

- Мен несие алып, өз жобамды іске асыра бастадым. Бөшкелер сатып алып, оларды өз қолыммен жабдықтап, боядым. Қытайдан құрал-жабдыққа тапсырыс бердім. Бұл жұмысты алдын ала зерттеп, ақпарат іздестірдім. Бірқатар жем шығарушылармен кездесіп, мәлімет жинадым. Баға мониторингін жасап, жұмыстың қаражатын есептедім. Мүмкіндігім бар екеніне көз жеткізген соң, қала бойынша нан контейнерлерін орнатудан бастаймын деп шештім, - дейді кәсіпкер. 

Қазір Нұрсая, Авангард, Вокзал маңы ықшам аудандары мен Сәтпаев көшесі бойына 50 жасыл түсті бөшке түріндегі арнайы контейнер орнатылды. Алдағы уақытта осындай 200 контейнер орнату жоспарланып отыр.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді ӨКҚ жолдады 

16 тамыз 2022, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.