Атырау, 24 желтоқсан 13:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​"Болашақ" зауытындағы құбырда неден жарық пайда болғаны шетелде анықталады

1 308 рет қаралды

«Болашақ» зауытындағы алдын ала газ сынамаларын алу қондырғысында не себептен жарық пайда болғаны әлі анықталған жоқ, - деді ҚР Энергетика министрі Болат АҚШОЛАҚОВ ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында "АЖ" сауалына жауап бере отырып. 

- Зауыт ұзақ уақыт салынды, кейін құбырға байланысты тоқтап қалған жағдайлар болды, бұл сонау 2012 жылғы ескі мәселелер. Агрессивті ауа, күкіртті сутегінің жоғары мөлшері. Кеше «Болашақ» зауытында болдық, құбырдың апатты күйдегі сол бөлігі кесіліп, шетелге сараптамаға жіберілді. Біз қазір құбырдағы сол жарықтың неден пайда болғанын анықтайтын қорытындыны күтіп отырмыз. Қазір бүкіл кешенді тексеру керек. Бұл шамамен 24 құбыр, барлығы тексеріліп жатыр. Содан кейін шешім қабылданады. Әзірге зауыт газды алдын ала іріктеу қондырғысынсыз (Slug Catcher) жұмыс істей алады. Қосалқы бөлшектер мен шығын материалдары бар», - деді министр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 тамыз 2022, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.