Атырауда Халықаралық жастар күніне орай «Zhastar fest» кеші өтті. Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен концертте жергілікті жұртты Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев құттықтап, жастар қоғамның маңызды бөлігі екенін атап өтті.
- Елдің жастары мықты болса, келешегі де соған сай тұрақты, мығым болары сөзсіз. Бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, - деді Ж.Бисембиев.
Іс-шарада танымал эстрада жұлдыздары мен жергілікті және көршілес облыстардан келген әншілер, сондай-ақ би топтары өнер көрсетіп, жиылғандарға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Концерттік бағдарламамен қатар, осы алаңда бірнеше спорттық іс-шара өтті. Спорт сүйер қауым шахмат, кір тасын көтеру, армрестлинг, арқан тарту, көңілді эстафета және Жайық жағасындағы URBAN ART-ты тамашалап, бақ сынауға мүмкіндік алды.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті ӨКҚ жолдады