Атырау, 25 сәуір 13:55
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қызылқоға ауданының әкімі тағайындалды

532 просмотра

12 тамызда Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға мәслихатының депутаттарына Президент әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Аудан әкімі лауазымына жаңа кандидат Қанат ӘЗМҰХАНОВ болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қанат Әзмұханов Атырау қаласында дүниеге келген, Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген, Ресей Федерациясының Астрахан мемлекеттік университеті – құқықтану магистрі, Орталық Богемиялық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институты – іскерлік әкімшілік жүргізу докторы.


Еңбек өтілі:
«Жүзе» ЖШС заң кеңесшісінің көмекшісі,заңгер
«КаспианПроджектСервисез» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «RegionTransCom» ЖШС бас директоры;
Атырау облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2010 ж. - 2012 ж.);
«KazTransOil-Logistik» ЖШС директоры (06.2012 ж. - 10.2013 ж.);
«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (10.2013 - 03.2016 ж.);
Атырау қаласы мәслихатының хатшысы (04.2016 ж. - 10.2018 ж.);
«Region Trans Com» ЖШС кадрлар жөніндегі директоры (10.2018 ж. - 2020 ж.);
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры (2020 ж. - 08.2020 ж.);
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы (08.2020 ж. бастап бүгінге дейін).

Депутаттар облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдады.

Еске сала кетсек, ауданның бұрынғы әкімі Нұрсұлтан Бисембиев кеше басқа қызметке ауысуына байланысты орнынан босатылған еді.

12 тамыз 2022, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.