Атырау, 20 сәуір 16:29
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған жүкті әйелдің туыстары түсік туралы біледі деп отыр

875 просмотра

Атырауда жүкті әйел мен оның шаранысың өліміне қатысты жағдайдың анық-қанығы белгілі болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 32 жастағы әйел жүктілігіне байланысты дәрігерлердің қарауында болып, 2022 жылдың 27 маусымында есепке алынғанын, оны гинеколог пен терапевт қарап, анализдері алынғанын хабарлады. 10 және 22 шілде аралығында Атырау облыстық ауруханасының №1 хирургиялық бөлімшесінде «Өз-тас ауруы. Ауыр калькулезді холецистит. Холедохолитиаз. Жүктіліктің 14 аптасы» диагнозымен стационарлық ем қабылдады. 11 шілдеде ота жасалды – эндоскопиялық папилосфинктеротомиямен ретроградты холангиопанкреатография. 25 шілдеде қан аралас құсық, жалпы әлсіздікке шағымданып, облыстық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен қайта түсті де, гастроэнтерология бөліміне жатқызылды. Келесі күні консилиум өткізгеннен кейін оны одан әрі емдеп, дәрігерлердің бақылауына алу үшін жансақтау бөліміне ауыстырды. Дәрігерлер жан-жақты қарады: зертханалық анализ, ультрадыбыстық зерттеу, видеоколоноскопия, ФГДС өткізді. Қан құю, колоноскопия және гемостатиканы жалғастыру ұсынылды.

Бірнеше рет облыс мамандары, оның ішінде акушер-гинекологтар мен кардиологтармен, республикалық орталықтармен кеңесіп, телемедицина бойынша кеңейтілген консилиум болды. Әйелді қарауға Израильден шеберлігімен бөлісуге келген шетелдік мамандар да тартылды. 30 тамызда жағдайы нашарлағаннан кейін науқас жеделдетілген емдеуге жіберілді. 1 тамызда сағат 06:10-да 17-18 апталық мерзімде өздігінен құрсағында жатып шетінеген түсік тастады. Салмағы 178 г болатын жансыз ұрық түсті. Түсік тастағаны туралы науқастың туыстарына хабарланды, - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Хабарламаға сәйкес, науқастың жалпы жағдайы өте ауыр болған; ауырлық дәрежесі негізгі патологияға, геморрагиялық шокқа және ұзаққа созылған отаның ауырлығына байланысты. Жағдайы сепсиспен, көп ағзалық дертпен асқынған. Дәрігерлер қарқынды терапияны жалғастырды. ЭМҒО, Сызғанов атындағы ҰҒХО, ҰҒАБО, телемедицина бойынша ҰҒКХО республикалық деңгейдегі мамандармен кеңес өткізілді.

5 тамызда жүрегі тоқтап қалды. Қолданылған жансақтау шараларына қарамастан, сағат 10:55-те биологиялық өлім анықталды. Мәйіт сол күні сараптама өткізу үшін облыстық патологоанатомиялық бюроға жөнелтілді. Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізу үшін комиссия құрды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 тамыз 2022, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.