Атырау, 19 наурыз 13:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Индербор: саябақ деген аты ғана

Сурет Бейнежазба
1 167 просмотра

«АЖ-ға» аудан орталығы Индербордың тұрғындары хабарласып, "Саябақтың күйі кеткен, өзіңіз көріңіз" деді. ал біздің аудандағы тілшіміз сол саябақтарды аралап шықты. 

«Жеңіс» саябағы. Тұхфатов көшесіндегі 2015 жылы 65 млн теңгеге пайдаланылуға берілген саябақ адам көргісіз күйде. Кіре берісінен-ақ малдың тезектері, шашылған шөлмектер «қарсы алды». Саябақтың дәл ортасындағы тудың түсі оңып кеткен, жұлынған отырғыштар мен шамдар әр жерде шашылып, жайрап жатыр. Шамдар бағаналарымен қоса қирап қалған, сынық отырғыштарды көзден тасалау жерге үйіп қойған. Жаздық павильонның шатыры қашан ұшып кеткені белгісіз, ортасына түсіп онысы ішінде жатыр. Құрмет тақтасы, қуғын-сүргін құрбандарына қойылған шағын ескерткіш те күтімсіз қалған, балалар ойын алаңдары қирап жатыр, ал субұрқақ пайдалануға берілгеннен бері жасаған емес. Сахнаның да адам көргісіз түрі қалмапты, сылақтары түсіп, шашылған қоқыстардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Сахнаның артқы жағындағы бөлмелердің есіктері ашық-шашық күйде, ол әжетханаға айналған. Бұрын гүл өсірілетін, оның бірі қолға алынбаған, талдар құрғақшылықтан кеуіп тұр.

«Жастар саябағы». Жайық өзені жағалауында орналасқан жалпы алаңы 26 793 шаршы метрді құрайтын саябақ 2020 жылдың желтоқсанында жәй жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілген. Бұған бюджеттен 39 млн теңге жұмсалды. Саябақ бүгінде «орманға» айналған. Арам шөптер адам  бойымен бірдей. Тіпті аяқ алып жүру мүмкін емес, иесіз қалған.

«Көктем» ықшамауданындағы саябақты жасауға кезінде 44 млн теңге жұмсалған. Ол да «Жастар» саябағының кебін киіп, қараусыз қалып, жүдеу күйде. Қаулаған арамшөптерден аяқ алып жүру мүмкін емес, қаптаған ошаған. Мұнда адам кіргісі келмейді.  

Арбат. Бейбарыс көшесіндегі аллеяны (арбат) абаттандыру жұмысы 2020 жылдың жетоқсанында аяқталып, қазынадан 343 млн 291 мың теңге жұмсалды. Осынша қаражатқа көп нәрсе жасауға болатындай еді.  Қазір аллеяның күйі кетіп қалған, «Домбыра», Абайдың қара сөзі жазылған композиялық көріністері жоқ деуге болады, жазулары өшіп, тұғырдың сылақтары түсіп қалған. Мұнда да арам шөптер өсіп жатыр, кіреберіс арканың жан-жақтары мүжіліп, түсіп қалған.

Орталық саябақ Меңдіғалиев көшесінде орналақан. Тұрғындардың басым бөлігі осында келеді, мұнда спорттық құрал-жабдықтар орнатылған. Қаулаған арам шөптің арасынан гүлдер сирек көрінеді. 

Ш. Уәлиханов көшесіндегі шағын саябақ та қорқынышты орындардың біріне айналған, арамшөп жұлынбаған.

Жалпы кентте 6 саябақ пен аллея бар. Оның бәрі кенттің теңгерімінде. Тұрғындардың наразы болуы орынды, «әкімдер жұмыс жасамайды».  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор 

  

13 тамыз 2022, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.