Атырау, 26 сәуір 23:14
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Құлсары «гүлдемей» тұр

1 463 просмотра

Құлсары қаласында жасыл желек, гүл өсіру маңдымай тұр. Тіпті орталық көшенің өзі көз тартып тұрған жоқ. Жыл сайын егілген тал мен гүл көшеттерін отырғызу өз нәтижесін берер емес.

Өткен жылы көпжылдық гүл егуге бюджеттен  4 млн теңге жұмсалды. Бүгінде гүлзардағы гүлдер әр жерден сиректеу қылтияды, олардың орнына жабайы өсімдіктер қаптап тұр. 

- Өткен жылы да дәл осындай сұрқай көріністер орын алды. Ең болмаса орталық көшені, әкімшіліктің айналасын гүлдендіріп қоюға болмай ма, - дейді Рая есімді әйел қынжылыспен.

Биыл қалаға 1200 дана павловния, 300 дана катальпа, 600 дана ақтерек, 100 дана үйеңкі,  6000 дана теректі шарбақтар отырғызу үшін  24 мамырда «ҚБ Жаңғыру» мекемесімен келісім шарт жасақталған болатын. Мекеме 5 млн 700 мың теңгенің жұмысын атқарып шықты. Алайда көшеттер қурап қалған. 

Сонымен қатар 12 млн теңгеге 13 маусымда 39 мың дана петунья мен  500 дана көпжылдық раушан гүлдерін күтіп ұстауға қаржы бөлінген. Мұны «Тау-Бест» ЖШС-і атқаруы тиіс болатын.

- Алайда гүлдердің 90 пайызы шықпай, қурап қалды. Мердігерлердің айтуынша, қаланың жері тұзды көрінеді. Бірақ олар топырағын жаңалап егуі қажет еді, - дейді  Құлсары қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қадыржан АДИНОВ. - Күні бүгінге дейін гүлдерді қалпына келтіру мердігер тарапынан орындалған жоқ. Сондықтан қала әкімдігі Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз дайындап жатыр. Айта кететін жайт, толық көлемде атқарылмаған жұмыстарға қаржы аударылған жоқ.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА      

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

12 тамыз 2022, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.