Францияның оңтүстік-батысында алапат орман өрті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы мәліметке қарағанда, 6 мың гектар жасыл желек пен 16 үй күлге айналған. Тілсіз жаумен күреске мыңнан астам адам мен сегіз ұшақ тартылды.
Өрт сөндірушілердің жұмысын 40 градус ыстық пен ұйытқыған жел қиындатып тұр.
Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
Дегенмен бірнеше мың адам мен жергіліктік қарттар үйінің тұрғындары қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған.