Атырау, 26 сәуір 12:51
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Екеуін емес, біреуін жерлеген

1 344 просмотра

Атырауда облыстық ауруханада жүкті әйел көз жұмды. Оны отбасы қара жер қойнына тапсырды. Ал құрсағындағы шарананың моргте қалып қойғанын білмеген.

- Менің әйелім ауруханаға түсті, кейн үйге шығарды. Бір күннен кейін ол қансырағасын ауруханаға кері алып кетіп, сол жерден ол көз жұмды. Біз анасын құрсағындағы баламен бірге жерледік деп ойладық. 10 күн өткеннен кейін, қайтыс болғаны туралы анықтама алуға барғанда, шарананың мүрдесі моргте қалып қойғанын естіп отырмыз, - дейді жесір қалған әке.

Анықталғандай, әйел түсік тастаған. Артында кәмелет жасына толмаған екі баласы қалды.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ана мен баланың өлімін растады, бірақ анығын ертең айтамыз деді.

Атырау облысы полиция департаменті 1990 жылы туған жүкті әйелдің қазасына қатысты ҚР ҚК-нің 317-бабы («Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 тамыз 2022, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.