Атырау, 20 сәуір 10:46
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қашаған операторы өндіріс қайта қосылып, газ жағылатынын ескертті

928 просмотра
Қарабатандағы "Болашақ" зауытында газ жағылған сәттен көрініс. Сурет "АЖ" архивінен

Солтүстік Каспий жобасының Операторы NCOC компаниясы өндірістің біртіндеп қайта басталатындығы туралы хабарлады.

"Солтүстік Каспий жобасының Операторы NCOC компаниясы тамыздың 9-ынан 10-ына қараған түні өндірістің біртіндеп қайта басталатындығы туралы хабарлайды. Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылатыны күтіліп отыр" - делінген хабарламада.

Консорциумда бұл жұмыстар теңіз және құрлықтағы кешендерде рұқсат бойынша шекті мөлшерде жағылады деп ескертті. 

Консорциум бұл жұмыстар тиісті рұқсат бойынша теңіздегі және құрлықтағы нысандарда газды шектеулі жағу арқылы жүргізілетінін ескертті.

«Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі», - деп мәлімдеді NCOC.


10 тамыз 2022, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.