Атырау, 4 мамыр 00:51
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Сәтпаевтағы түнгі шу

Сурет Бейнежазба
1 189 просмотра

Сатпаев даңғылындағы №50 үйдің тұрғындары қарсы орналасқан үйдің бірінші қабатындағы сырахана тыныштығымызды бұзып, берекемізді қашырды деп наразылық білдірді. Олар көпақабатты үйде орналасқан кафелер түнгі 23:00 кейін жұмысын тоқтатуы тиіс деп санайды, ал «Гурьев порт» сыраханасы түн ортасына дейін жұмыс жасайды. 

Бұл жерде ішімдік ішкен адамдар көп жүреді, түнімен керісіп, одан қалса бір бірімен төбелеседі. Айқай-шудан түнде тұрғындар терезе аша алмайды. Бірнеше рет 102-ге қоңырау шалып, полиция шақырған. Ал құқыққорғау органдарының қызметкерлері төбелес шығарғандарға айыппұл салады да кетеді. Тыныштықты бұзған сырахананың жұмыс уақытын 23.00-ге дейін қысқартуды талап етіп отыр тұрғындар.

- Бұл нысанның ашылғанына он шақты жыл болды. Күнде төбелес, айқай-шу. Бұл үйде науқас адамдар мен қарттар тұрады. Осы аулада сыра бары да, сыра дүкені де, тіпті түнгі клуб та бар, бірақ балалар алаңы жоқ. Балаларымыздың көретіні ішімдікке тойып алғандардың төбелесі, еститіні солардың боқтық сөзі, - деп налыды Сәтпаев даңғылы, №50 үйінің тұрғыны Арон ҮМБЕТӘЛИЕВ.

Тұрғындардың сауалына қалалық кәсіпкерлік бөліміндегілер: «Тұрғын үйде орналасқан қоғамдық орындар сағат түнгі 23.00-де қатты дыбыстарды (шум) доғаруы тиіс. Алайда заң жүзінде кәсіпкер нешеге дейін жұмыс істейтінін өзі шешеді. Сондықтан біз кәсіпкердің жұмыс уақытына араласа алмаймыз» деп жауап берді.

Тұрғындардың шағымына байланысты «АЖ» сырахана әкімшілігімен байланысты.

- Аулада түнімен шу шығаратын тек сыраханадан шыққан адамдар дегенге келіспейміз. Біздің нысан түнгі 2:00 де дейін жұмыс істейді. Ал бұл аулада бізден басқа тәулік бойы жұмыс істейтін қоғамдық орындар, супермаркет, бургер сататын т.б. нысандар бар. Солардан шыққан жастар әңгімелерін айтып, дауыстап күліп сусындарын ішіп, діліздердің алдында орындықтарда отырады. Кейбірі көлігінде музыканың дауысын барына шығарып, дүңкілдетіп көшемен өтеді. Осының бәрі айналып келгенде бізден шыққандай көрінеді. Бізде жылына 1-2 шу шығаратындар кездеседі, бірақ оларды 102 шақырып ұстатып жібереміз, - деп жауап берді сыраханың әкімшілігі. 

Сыраханамен көрші болудан шаршаған тұрғындар арыздарын облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВКЕ жазып, өңір басшысы мәселемізді шешеді деп үміттеніп отыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

10 тамыз 2022, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.