Атырау, 3 мамыр 15:27
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Құрманғазыда лотостың гүлдену маусымы басталды. Тамаша көрініс

Сурет
1 462 просмотра

Құрманғазы ауданы, Қиғаш өзенінде лотостың гүлдену маусымы басталды. Ол шілде айының ортасынан тамыздың соңғы аптасына дейін жалғасады. Аумағы 5 мың гектарды қамтитын лотос алқабын көру үшін күн сайын туристер ағылып келеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Екатерина Хабибуллина біздің өңірге Мәскеуден арнайы келген туристердің бірі. Ол лотос алқабына алғаш рет табан тіреген.  

- Көптен бері осындай сұлулықты көргім келіп жүрген. Тамаша, өте керемет әсер алдым. Бұл жерден тек лотосты ғана емес, аққу, аққұтан сынды ерекше құстарды да көре аласыз, - деді турист. 

Құрманғазы ауданы елімізде лотос өсетін жалғыз аймақ. Бұл алқапқа келушілерге арнайы нұсқаулық көмек көрсететін кәсіпкерлік нысандар бар.  

- Бүгінде түрлі туристік компаниялармен келіссөз жүргізудеміз. Оның негізінде бізге келген туристерді қайықпен лотос алқабына апарып-әкелеміз. Осында орналасып, жатар-жайы мен уақытылы тамағы беріледі.  Біздің басты мақсатымыз – техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтау, - деді «West Motors service»  ЖШС-ның өкілі Жәнібек АКТАНАНОВ.

Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің  басшысы Нұрлыбек ТӨЛЕПОВТЫҢ айтуынша, туристер қатары жыл сайын артып келеді. Сондықтан лотос гүлінің алқабын қорғап, күтіп-баптау қажет.

- Лотос алқабы табиғат жағынан қорғалатын аймақ болғандықтан «Қызыл кітапқа» енген. Келген туристер табиғатты бағаламайды, олардың арасында гүлді сындырып, жұлу фактілері кездесті. Соған сәйкес, арнайы құзырлы орган тарапынан бақылау болса екен дейміз, - деді Н.Төлепов. 

Оның айтуынша, бүгінде Қиғаш бойында төрт жеке кәсіпкерлік нысан бар. Одан бөлек  2022 жылдың аяғына дейін екі туристік базаның құрылысы аяқталады. Ал ішкі туризмді дамыту мақсатында мемлекет тарапынан 7 кәсіпкерге жер телімі берілген. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді ӨКҚ ұсынды

9 тамыз 2022, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.