Атырау, 13 қазан 00:57
 дождьВ Атырау +18.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

«Киік»​ іс-шарасы басталды

2 303 рет қаралды

Киіктерді заңсыз аулау фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында 8-18 тамыз аралығында Атырау облысының аумағында "Киік" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.

Шара барысында табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мүдделі табиғат қорғау қызметтерімен бірлесіп, киіктердің мекендеу ареалдарында облыс аумағы бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады.

Айта кетейік, киіктерді заңсыз аулағаны, олжалағаны, сақтағаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін ҚР ҚК 339-бабы ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Атырау облыстық полиция департаменті

9 тамыз 2022, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.