Атырау, 20 сәуір 16:23
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қытай Тайвань төңірегінде жаңа әскери жаттығулар өткізетінін жариялады

819 просмотра

Қытай әскерилері Тайвань төңірегіндегі теңіз және әуе кеңістігінде жаңа әскери жаттығулар өткізетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай Халық азаттық армиясының Шығыс майдан қолбасшылығы сүңгуір қайықтарға қарсы және теңіз десанттық операцияларына баса назар аударылған бірлескен жаттығулар өткізетінін мәлімдеді.

©REUTERS

Әскери жаттығулардың ұзақтығы мен нақты орны әзірге белгісіз. Бірақ Тайвань аралды қоршап тұрған алты жаттығу аймағына жақын ұшуға шектеулерді жеңілдетті.

©REUTERS

Тайвань Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Қытайдың әскери кемелері, ұшақтары мен ұшқышсыз басқарылатын ұшақтары аралға нақты шабуыл жасамаған. Бұл ретте Қытай болса тиісті жауап беру үшін ұшақтар мен кемелерді жібергенін мәлімдеген.

Еске салайық, Қытай қарулы күштерінің Тайвань төңірегіндегі алты жердегі оқу-жаттығулары 4 тамызда аралға АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси келгеннен кейін басталған болатын.

8 тамыз 2022, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.